Оқыс оқиға 29 шілдеде сағат 15:45 шамасында Қазыбек би ауданында болған.
ото:Tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының орталығында ғимарат опырылды, ішінен 15 адам эвакуацияланды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқыс оқиға 29 шілдеде сағат 15:45 шамасында Қазыбек би ауданында болған. Ерубаев көшесіндегі банктердің бірінің бұрынғы ғимаратында төтенше жағдай туындаған. Ол Bolashaq академиясы ғимаратының маңында орналасқан, ресми мәліметтерге сүйенсек, ғимарат жұмыс істемеген.
Алдын ала ақпарат бойынша шатырдың ағаш тақтайшасы, үшінші қабаттан бірінші қабатқа дейінгі еденаралық төбелер, сыртқы қабырға опырылған.
Төтенше жағдай 150 шаршы метр аумақта болған.
имараттың ішінде жөндеу бригадасы болды. Құтқарушылар 15 жұмысшыны жедел түрде эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ. Аумақ қоршалған.
Оқиғаның нақты себебін мамандар анықтайды.