Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

0
263

Toyota Alphard жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған.


Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 6 адам жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.
"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше қайғылы оқиға 11 тамызда сағат 00:10-да "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 1396-шы шақырымында болды.
"Toyota Alphard жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға салдарынан үш адам қайтыс болып, алтауы түрлі жарақат алды", - дейді ведомство.
"Қазавтожол" жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала тексеруге шақырды.