Дәрігерлердің мәліметінше жұмысшылардың бірі жансақтау бөлімінде, 3-еуі амбулаториялық емге жіберілді.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қарағанды облысында бетон арқалық сынып кетіп, жұмысшылар зардап шеккені туралы ақпарат тарады, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға орнында түсірілген видеоны "Письма президенту" Telegram каналы жариялады.
"Мынадай оқиға болып жатыр – арқалық сынып кетті. Адамдар зардап шекті", - дейді видео авторы.
Жағдайға жұмысты жүргізген "ТЖЖ" ЖШС түсініктеме берді.
"Биылғы жылдың 12 тамызында "ТЖЖ" ЖШС автокөлік өтпежолының құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде бетон арқалық сынып, теміржолға құлаған", - деп жазылған хабарламада.
"Қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккен жұмысшылар Балқаш станциясының ауруханасына жатқызылды",- деп түйіндеді кәсіпорын.
Дәрігерлердің мәліметінше жұмысшылардың бірі жансақтау бөлімінде, 3-еуі амбулаториялық емге жіберілді.