Қарағанды - Балқаш тас жолында көлік өртеніп кетті - жеті адам көз жұмды

0
215

Екі адам ауруханада жатыр.


Қарағанды - Балқаш тас жолында көлік өртеніп кетті - жеті адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды-Балқаш тас жолында көлік апаты болып, жеті адам қаза болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жол апаты 5 шілде болған.
"Балқаш қаласы бағытында келе жатқан Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан көліктерді басып озбақ болған. Ол жол белгілеріне назар аудармай, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне шығып кетіп, қоршауға соғылған. Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп кетті", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік ішінде тоғыз адам болған. Оқиға салдарынан жеті жолаушы көз жұмды. Жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.