Қабырғасы мен шатыры құлады: Жетісу облысында жарылыс болды

0
158

​Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Қабырғасы мен шатыры құлады: Жетісу облысында жарылыс болды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы ауылдардың бірінде кешкі уақытта жарылыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы дүкендердің бірінде болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 15 ақпанда шамамен сағат 18:45-те «Малика» азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасының өртсіз жарылыс болды.

«Оқиға салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры ішінара құлады. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрады. Үш адам зардап шекті, олар тексеруден кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы – орташа ауырлықта, тұрақты, есі анық», – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жедел жетті. Жалпы саны 27 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.