Израильдің Дохаға жасаған соққылары: Катарда 1,5 мың қазақстандық бар

0
114

Мәжіліс кулуарында журналистер Бақаевтан алдыңғы күні жарылыс болған Катар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы туралы сұрады.


Израильдің Дохаға жасаған соққылары: Катарда 1,5 мың қазақстандық бар

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Катарда шамамен 1,5 мың Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бақаевтан алдыңғы күні жарылыс болған Катар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы туралы сұрады.

Әрине, олардың арасында біздің адамдар бар. Бірақ, құдайға шүкір, құрбандар арасында жоқ. Ешкім зардап шеккені туралы жүгінген жоқ. Қазіргі уақытта Катарда шамамен 1,5 мың адамымыз бар, - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың арасында жалпы 516 адам консулдық есепте тұр. Дипломаттар олармен үнемі байланыста.