Instagram мен "ВКонтакте" Қазақстанда балалар үшін қауіпті контент тарататын әлеуметтік желілер болып танылды

0
85

Заңсыз немесе қауіпті контент ең көп Instagram платформасында анықталған.


Instagram мен

ERNUR.KZ. 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда заңсыз және балалар үшін қауіпті контентке қатысты 27 631 құқық бұзушылық анықталды, деп жазады stan.kz.

Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында анықталған заңсыз материалдардың басым бөлігі онлайн казино қызметіне қатысты екені көрсетілген. Мұндай жарияланымдардың саны – 13 806.

Сонымен қатар мамандар:

  • Есірткіні насихаттайтын – 7 448 жарияланымды;
  • Порнографиялық сипаттағы – 6 034 материалды;
  • Суицидті насихаттайтын – 172 жарияланымды;
  • Кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін – 119 материалды;
  • Зорлық-зомбылықты насихаттайтын – 52 материалды анықтаған.

Заңсыз немесе қауіпті контент ең көп Instagram платформасында анықталған. Мұнда 9 532 құқық бұзушылық тіркелген.

  • Одан кейін ВКонтакте – 8 503;
  • YouTube – 3 340;
  • Telegram – 3 018;
  • TikTok – 2 820 құқық бұзушылықпен тіркелген.

“Мәдениет және ақпарат министрлігі балаларды, оның ішінде онлайн ойындардағы қауіптерден қорғау шараларын күшейту мақсатында халықаралық тәжірибені зерделеп, онлайн платформалармен консультациялар жүргізіп жатыр”, – делінген Аида Балаеваның жауабында.

Сондай-ақ министрлік заңсыз контентті жою және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін материалдардың таралуына жол бермеу үшін онлайн платформалар әкімшіліктерімен өзара іс-қимылды жалғастыруды жоспарлап отыр.