Грузияда үш қазақстандық мұнайға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

0
290

Күдікке ілінген үш қазақстандық азамат ұйымдасқан топ құрамында әрекет етіп, ірі көлемдегі шикі мұнайды кедендік бақылаусыз өткізіп отырған.


Грузияда үш қазақстандық мұнайға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Грузияның Қаржы министрлігіне қарасты тергеу қызметі "Батуми мұнай терминалы" ЖШС-нің үш жоғары лауазымды қызметкерін қамауға алды. Олар кедендік рәсімдерді айналып өтіп, 10 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз сатқан деген күдікке ілінген, деп жазады stan.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікке ілінген үш қазақстандық азамат ұйымдасқан топ құрамында әрекет етіп, ірі көлемдегі шикі мұнайды кедендік бақылаусыз өткізіп отырған. Сөз болып отырған көлем – 10 мың тоннадан астам жоғары сапалы мұнай, жалпы құны 15 млн лариден жоғары.

Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушылар терминал қоймаларындағы мұнайдың нақты көлемін жасыру үшін қымбат шикізатты ластанған, пайдалануға жарамсыз қалдықтармен ауыстырған. Осылайша кеден бақылауындағы мұнай көлемі сақталғандай көрініс жасаған.

Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша тергеліп жатыр. Аталған баптар 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.