"Грант уәде етті": Атырауда ата-аналар мұғалімді алаяқтық жасады деп айыптады

0
89

Білім басқармасы бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.


© Sputnik / Ксения Воронина

ERNUR.KZ. Атырауда №37 орта мектеп оқушыларының ата-аналары мұғалімді алаяқтық жасады деп айыптап жатыр, деп жазады "Ақ Жайық".
Олардың айтуынша, мұғалім "грант алуға" уәде беріп, олардан ақша мен зергерлік бұйымдар алған.
"Біз балаларымызды кімге сеніп тапсырамыз? Егер мектеп ішінде осындай жағдай орын алса, тәрбие мен білім туралы не айтуға болады?", - дейді ата-аналар.
Олар мұғалімді дереу жұмыстан шығаруды талап етіп, қалалық прокуратураны, полицияны және білім басқармасын жағдайды бақылауға алып, істі сотқа жеткізуді сұрады.
Ата-аналар балаларының тағдырына немқұрайлы қарамайтынын және егер фактілер расталса, кінәліні қатаң жазалауды талап ететінін айтады.
Білім басқармасы бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ. Бірақ полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Осы факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.