Оған тиесілі 230 доллар қаражат берілді.
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Одиша штатының тұрғыны қарындасының қайтыс болғанына банк қызметкерлерінің көзін жеткізу үшін марқұмның қаңқасын алып келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Indiatoday жазуынша, 50 жастағы Джиту Мунда 2026 жылдың қаңтарында қайтыс болған қарындасының шотынан 19 500 рупий (шамамен 230 доллар) көлеміндегі жинағын алғысы келген. Ер адамның айтуынша, банк қызметкерлері өлім туралы куәлікті қабылдамай, марқұмның «жеке өзін» көруді талап еткен. Осыдан кейін ашынған азамат қарындасының сүйегін қапқа салып, банк бөлімшесіне алып келген.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң, банк басшылығы ресми мәлімдеме жасады. Банк өкілдері «марқұмның өзін алып келуді талап еттік» деген ақпаратты жоққа шығарды. Сейсенбі күні мемлекеттік органдар тарапынан өлім туралы куәлік пен мұрагерлік құқығы расталғаннан кейін, тиісті сома мұрагерге толық төленген.
Қазіргі уақытта бұл іске қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Банк бұл жағдайды құжаттардың кешігуіне байланысты туындаған түсініспеушілік деп атады.


