Енді Қазақстанда ескі 2000 теңгелік купюралар қабылданбайды

0
124

Қолында ескі 2000 теңге купюрасы бар азаматтар бүгін банк шотына сала алады.


Енді Қазақстанда ескі 2000 теңгелік купюралар қабылданбайды

ERNUR.KZ. 25 маусымнан бастап Қазақстанда 2012 жылы шығарылған ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымнан шығады, деп жазады stan.kz.

2012 жылы шығарылған ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналымда жүру мерзімі 2026 жылғы 24 маусымда аяқталады. Қолында ескі 2000 теңге купюрасы бар азаматтар бүгін банк шотына сала алады.

Егер 25 маусымға дейін банк шотына салып үлгермесе, ескі банкноталарды жаңасына:

  • Банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде – 3 жыл ішінде;
  • Ұлттық банк филиалдарында – мерзімсіз айырбастауға болады.

Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкнота 2024 жылғы 25 желтоқсанда айналымға шығарылды. Ол да жасыл түсте жасалған.

Банкнотаның алдыңғы бетінде:

  • "Өмір ағашы" және қалықтап ұшқан құс;
  • ДНҚ спиралі;
  • Шексіздік белгісі;
  • Молшылықтың белгісі саналатын мүйізді жануар бейнеленген.

Артқы бетінде:

  • Киіктер;
  • Қорғаныс пен өмірлік қуатты білдіретін қазақы өрнек-қалқан;
  • Бурабай көлінің көрінісі;
  • Археологиялық қазба кезінде табылған киік басының бейнесі бар.


Бастапқыда 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноталар да маусым айының соңында айналымнан шығарылуы тиіс еді. Алайда Ұлттық банк бұл мерзімді 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзартты. Сондықтан ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюралар әзірге қолданыста қала береді.