Елжас Отыншиев "ҚТЖ"-ның жаңа басшысы болып тағайындалды

0
136

Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.


Елжас Отыншиев

фото:Пресс-служба АО "Самрук-Казына"

ERNUR.KZ. "Samruk-Kazyna" қоры Елжас Отыншиевтің "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Отыншиев Тоқаевтың жарлығымен қызметінен босатылған Талғат Алдыбергеновтің орнына келді.
"ҚТЖ"-ның жаңа басшысы – Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі. Ол "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы Мәскеудегі Ernst & Young компаниясының Бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу бөлімінде кеңесші ретінде бастаған.
2009–2019 жылдар аралығында ол "Samruk-Kazyna" АҚ және оның еншілес ұйымдарында қызмет еткен.
"2021–2023 жылдары KIDF-те басшылық қызметтерді атқарып, инвестициялық портфельді басқаруға жетекшілік етті. 2023 жылдың сәуірінен бастап "Samruk-Kazyna" АҚ-да Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор әрі Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол Қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды", — деп хабарлады компания.
Отыншиев 2024 жылғы ақпаннан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.