Екі дипломды білім: Қазақстан мен Ресей университеттері дәрігерлерді бірлесіп дайындайды

0
96

Оқыту екі универсет базасында да күндізгі форматта жүргізіледі.


Екі дипломды білім: Қазақстан мен Ресей университеттері дәрігерлерді бірлесіп дайындайды
ERNUR.KZ. Қарағанды медицина университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университеті бірлескен білім беру бағдарламасын бастады, деп жазады sputnik.kz.
Оқыту екі универсет базасында да күндізгі форматта жүргізіледі. Бағдарламаны игеру мерзімі - алты жыл.
"Түлектер екі диплом алады, бұл қосымша аккредиттеуден өтпей Қазақстан мен Ресейде дәрігер болып жұмыс істеуге құқық береді. Сондай-ақ таңдалған мамандық бойынша Қазақстанда резидентурада немесе Ресей Федерациясында клиникалық ординатурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік беріледі", - дейді министрлік мамандары.
Ал оқуға қабылдау Қазақстандағы ұлттық бірыңғай тестілеу және Ресей Федерациясындағы кешенді тестілеу (БМЕ аналогы) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

"Медицина" бірлескен бағдарламасы екі жетекші медицина университетінің тәжірибесін біріктіріп, болашақ дәрігерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады.