Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер іздеу жарияланған Екатерина Биволға қатысты ресейлік ішкі істер органдарымен қандай іс-қимылдар жасалып жатқанын сұрады.
Фото: Instagram / bivol_kate
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер іздеу жарияланған Екатерина Биволға қатысты ресейлік ішкі істер органдарымен қандай іс-қимылдар жасалып жатқанын сұрады.
— Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сонымен қатар халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Арнайы арналар арқылы Ресейдің полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Екатерина Бивол ұсталса, Бас прокуратура органдары арқылы экстрадиция мәселесі шешіледі, — деді Санжар Әділов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айының басында белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қазақстанмен қатар Қырғызстан елі де іс қозғап, іздеу салып жатқаны мәлім болды.


