ДСМ: 660-тан астам дәрілік препараттың атауы бойынша бағаның төмендеуі тіркелді

0
133

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізуді және олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда.


ДСМ: 660-тан астам дәрілік препараттың атауы бойынша бағаның төмендеуі тіркелді

ERNUR.KZ. «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша шекті бағаларды реттеу тетігі күшіне енгенге дейінгі кезең мен 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша еліміздің 20 өңіріндегі дәріханаларда сатылатын 2635 дәрілік препараттың атауына салыстырмалы баға талдауы жүргізілді. Мониторингтің қорытындысы бойынша 1309 препараттың (49,5%) бағасы өзгеріссіз қалғаны, ал 669 дәрілік заттың (20,4%) бағасы төмендегені анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналы.

Жалпы алғанда, бөлшек сауда желісінде сатылатын 4994 дәрілік препарат шекті бағаларды реттеу тетігімен қамтылған.

Реттелетін сегментте препараттардың жартысынан астамының бағасы тұрақты деңгейде сақталуда.

Сонымен қатар, ТМККК және МӘМС шеңберінде қолданылатын 3000-нан астам препарат, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылған.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Дәрілік заттарға белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету фактілері анықталған жағдайда, Сіз DariKZ мобильді қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауарлық чек пен дәрілік заттың қаптамасы) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жібере аласыз. Сондай-ақ, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жағымсыз әсерлер туралы ақпаратты да жіберуге болады.