Дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзарды

0
103

Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қабылдау уақыты 4-тен 6 сағатқа дейін ұзартылды.


Дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзарды

Фото: kazpravda.kz

ERNUR.KZ. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Үйге шақырту қызметі мобильді бригадаларға жүктеліп, дәрігерлер тек қабылдауға басымдық беріп отыр. Осылайша дәрігерге жазылу уақыты екі аптадан 2–3 күнге дейін қысқарған.

Жаңа жүйенің басты мақсаты – дәрігердің жүктемесін азайтып, науқасқа тез әрі сапалы қызмет көрсету. Қазір науқастар алдын ала жоспармен қабылданады, ал жедел жағдайларға мобильді бригада шығады. Өзгерістің нәтижесінде жалпы тәжірибе дәрігеріне жазылу мүмкіндігі 3,5 есе артқан. Профильді мамандарға жазылу қолжетімділігі де 15 есеге дейін өскен.

– Бұрын бізде 4 сағат болған, ал қазіргі таңда 5 сағатында кәдімгі қабылдау болады және де 1 сағатында жоспарлы қабылдауға уақыт бөлінген. 1 сағатында динамикалық бақылаудағы пациенттерді арнайы қабылдауға шақыруға, денсаулығын қабылдауға арналған. Қабылдау уақыты ұзарғаннан кейін ұзақ уақыт қабылдауды күтпейді, 2-3 күнде келе алады, – деп мәлімдеді республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Жұлдызай Биғазиева.

Тағы бір жаңашылдық: дербес мейірбике қызметінің енгізілуі. Бұл бейінді дәрігерлердің жүктемесін азайтуға бағытталған қадам. Мейірбикелер ауруына байланысты тізімде тұрған науқастармен тікелей жұмыс істейді және олардың жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Бүгінде еліміздегі 692 медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының 243-інде мейіргерлік қабылдау енгізілген. Сонымен қатар 588 ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі ұйымдастырылған.

Ал жалпы тәжірибе дәрігерлерінің 6 сағаттық қабылдау жүйесі 600 емханада іске қосылған. Бұл жалпы ұйымдардың шамамен 87 пайызына тең.