Жарылыстан зардап шеккен төрт адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Астанадағы Шара Жиенқұлова көшесінде тандыр самса дайындайтын дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәрігерлердің мәліметінше, оқиғадан төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды, бір науқасқа амбулаториялық бақылаумен үйіне қайтуға рұқсат берілді.
Тағы бір зардап шегуші №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, - деп мәлімдеді елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


