Алматыда індеттің бірінші толқыны 2020 жылдың шілдесіне сәйкес келіп, 6 300-ден астам тұрғын вирус жұқтырды. Екінші толқын осы жылдың қаңтар айына келді, 3 600 адам ауырды. Үшінші толқын наурыз айынан басталды, қазіргі уақытта 4 600 адамның науқастанғаны белгілі.
ERNUR.KZ. Алматыда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті, деп жазады sputnik.kz.
2021 жылдың басынан бері мегаполисте 21 134 адам ауырған. Өткен жылдың наурыз-желтоқсан айларымен салыстырсақ, бұл кезеңде 18 521 алматылық вирус жұқтырған.
Сәуірдің сегіз күні ішінде ғана коронавирустың 5 057 жағдайы тіркелді.
Алматыда үшінші толқын жалғасуда. Анықтама үшін:
- індеттің бірінші толқыны кезінде жоғары деңгей 2020 жылдың шілдесінде тіркелді - 6 372 жағдай;
- екінші толқынның шыңы қаңтарға сәйкес келді - 3 607 адам ауырды;
- үшінші толқын наурызда басталды - 1 наурыздан 8 сәуірге дейін 14 582 жағдай анықталған.
Үшінші толқында вирус жұқтырғандар санының артуы британдық, бразилиялық, оңтүстікафрикалық штаммдардың кең таралуына байланысты болып отыр.
Соңғы 14 күнде 40-59 жас аралығындағы алматылық тұрғындардың індет жұқтыруы 1,4%-ке, 60-тан жоғары жастағылардың дертке шалдығуы 4%-ке көбейді.