"Бұл кек емес, бұл – әділдік": Сәкен Мамаштың экс-жұбайы соттан кейін үн қатты

0
123

Бүгін Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты.


фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Госман сот шешімінен кейін пікірін айтты, деп жазады baq.kz.

Ол өз кінәсін соңына дейін мойындамады. Бүкіл процесс бойы манипуляция жасап, қысым көрсетті. Бұл кек емес, бұл - әділдік, - дейді Карина Госман.

Жанабаева бұрынғы күйеуіне үнемі ескерткенін айтты, алайда Мамаш тек күліп жауап берген.

Менің анам мен әпкем "өмірімізді талқандады" деген сөздер көп қозғалды. Бірақ оның туыстары біздің өмірімізді ойрандады. Отбасылық өмірміздің әр күнінде ол тек оларды (туыстарын) тыңдады, - дейді Карина Госман.

Еске салайық, бүгін Астанада экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

2025 жылғы наурыз айының басында іс сотқа жолданып, сәуірде Мамаш қамауға алынды.

Еске салайық, 10 маусымда әйелін жылдар бойы ұрып келген деп кінәланған экс-дипломаттың соты басталғанын жазған едік.