17 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл қаражат енді тек ипотекалық несиенің негізгі қарызын жабуға ғана бағытталады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұдан былай зейнетақы ақшасын банктің пайыздарын төлеуге, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге пайдалана алмайсыз. Мұндай қосымша төлемдерді қарыз алушы тек өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.
Айта кетейік, бұған дейін қолданыста болған талаптар бойынша зейнетақы жинағын несиенің негізгі сомасымен қатар, банк есептеген сыйақыны өтеуге де рұқсат етілетін.


