Бүгін сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

0
134

Қазақстанда жыл сайын шілденің төртінші жексенбісінде Сауда қызметкерлері күні атап өтіледі.


Бүгін сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

ERNUR.KZ. Бұл – ел экономикасын дамытуға және экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып, тұрғындарды қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ететін мамандардың мерекесі.

Бүгінгі таңда e-commerce белсенді дамып келеді. Маркетплейстер, жеткізу, цифрлық қызметтер – мұның бәрі сауда саласы қызметкерлерінен инновациялар саласында қосымша білім мен дағдыларды талап етеді. Олардың кәсібилігі мен жаңа жағдайларға бейімделу қабілетінің арқасында біз тауарлардың кең таңдауына ие болып, оларды сатып алу бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы болуда.

Сауда қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!