Биыл 1,6 мың шақырым пойыз жолы жөнделеді

0
133

2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.


Биыл 1,6 мың шақырым пойыз жолы жөнделеді

фото: Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"

ERNUR.KZ. Биыл 1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон алынады. Темір жол саласындағы өзгерістер туралы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті.
2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Бұл ретте транзиттік тасымал жыл сайынғы тұрақты өсімді 20% деңгейінде көрсетеді.
"Еліміздің толыққанды теміржол қаңқасын қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл ұзындығы 911 шақырым "Достық – Мойынты" және "Алматы айналма жолы" сияқты ірі жобалар аяқталды. Бұл желінің өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және транзиттік тасымалдарды жеделдетуге мүмкіндік берді. Келесі жылы "Қызылжар – Мойынты" және "Дарбаза – Мақтаарал" учаскелерінде стратегиялық құрылыс жобалары аяқталады", - деп атап өтті вице-министр.
Теміржолдардың қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында қосымша пойыздарды реттеудің заманауи жүйелері енгізіліп жатыр.
2026 жылы темір жолда 1,6 мың шақырым жөндеу жоспарланған. Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушылар вагонын жеткізілмекші.
"ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. Келесі жылы Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша елдің батыс өңіріндегі теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталады", - деді Жәнібек Тайжанов.