Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты

0
135

ҚР СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста болып, өз өкілеттігі шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетуде.


Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза тапқан Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың отбасыларына көңіл айтты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы қаза тапқандардың туыстарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Атап айтқанда, мамандар құжаттарды рәсімдеу және БАӘ құзыретті органдарымен өзара әрекеттесу тұрғысында жәрдемдесуде.

Болған оқиғаның мән-жайын жергілікті билік анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін, әзірге қайғылы оқиғаның мәліметтері жария етілмейді.

ҚР СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста болып, өз өкілеттігі шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетуде.