Батыс Қазақстанда 33 адам тышқан безгегіне шалдықты

0
84

Ауруды жұқтырған адам қалтырап, бүйрегі, басы, бұлшық еті ауырады.


Батыс Қазақстанда 33 адам тышқан безгегіне шалдықты

фото: СС0 / Karsten Paulick

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында он айда 22 адам тышқан безгегін жұқтырған, деп жазады sputnik.kz.
Тышқан безгегі, яғни бүйрек синдромды геморагиялық қызба ауруымен 33 адам сырқаттанған.
Бәйтерек ауданында – 9 жағдай;
Бөрлі ауданы – 9 жағдай;
Теректі ауданы – 2 жағдай;
Орал қаласында – 13 жағдай.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл ауруға шалдыққандар індетті кеміргіштерден және балық аулауға шыққанда, шөп шабу жұмыстары кезінде жұқтырған.
"Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бүгінгі күннен дейін бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның нақтыланған 33 жағдайы тіркелді. Жас құрамы бойынша 18-29 жас аралығында- 5 жағдай, 30-39 аралығында – 7 жағдай; 40-тан жоғары - 21жағдай", - дейді Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Айта кетейік, бүйрек синдромды геморрагиялық қызба – ауыр жұқпалы ауру. Инфекция көзі – кеміргіштер.
Ауруды жұқтырған адам қалтырап, бүйрегі, басы, бұлшық еті ауырады. Науқас өте әлсіреп кетеді.
Алдын алу үшін:
кеміргіштер ластайды-ау деген өнімдерді пайдаланбау;
азық-түлікті кеміргіштер жете алмайтын жақсы жабылған ыдыста сақтау;
жеке гигиена ережелерін сақтау;
дератизациялық жұмыстар.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстандағы барлық ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар атқарылған.