Қайтыс болардан бұрын кезекті жанжал болғанын айтып, үйден кетіп, ажырасқысы келетінін жазған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 19 жастағы Өзбекстан азаматы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты тергеу басталды. Жас келіншек Меркі ауданында күйеуімен бірге шамамен екі жыл тұрған. Артында сегіз айлық сәбиі қалды, деп хабарлайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Марқұмның құрбысының айтуынша, Мадина отбасындағы жанжалдар туралы бірнеше рет айтып, күйеуінің қол көтеретінін жеткізген. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын қыз бала кезекті жанжал болғанын айтып, үйден кетіп, ажырасқысы келетінін жазған.
Келесі күні ол құрбысына жиналған заттарының суретін жіберіп, 15 мың теңге қарызға беруін сұраған. Кейін оның қайтыс болғаны белгілі болған.
«Бір дана Барни үшін ұрыстық. Қатты ұрып жіберді. Балама алып келіпті. Содан біреуін жеп едім, неге жейсің, балама алып келдім дейді. Басы ойын болған, сосын ұрыс болып кетті», – деп жазған марқұм өзінің құрбысына.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің адамды суицидке жеткізу туралы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


