Алматы облысында әйел адам коронавирустың ауыр түрі деп диагноз қойылған 25 жастағы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.
ERNUR.KZ. Жас жігіт Көксу аудандық ауруханасында қайтыс болған. Әйелдің шағымына қатысты облыстың денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, деп жазады kaz.nur.kz.
Әйелдің үндеуі әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ол 25 жастағы ұлы екіжақты пневмония диагнозымен ауруханада 8 күн жатқанын, осы аралықта оның аяғы мен іші ісініп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы жігіт туыстарымен сөйлескен кезде айтқан.
"Менде бәрі жақсы, аяғымдағы ісікті кетіре алмай жатыр. Хирургқа бару керек дейді, жалпы анализдерім жақсы, ешқандай ауытқу жоқ. Мен мұнда жатқаныма 8 күндей болды, дүйсенбі күні шығаратын шығар деп үміттенемін", - деген жас жігіт.
Ол қайтыс боларынан екі сағат бұрын әкесімен сөйлесіп, уайымдамауын өтінген екен.
"Бізге бөлім меңгерушісі шығып, ұлымның қайтыс болғанын, оның жүрегі жарылып кеткенін хабарлады. Мұны айтып тұрғанда ол кешірім де сұрамады. Маған өте дөрекі жеткізді. Ұлым 2 топ мүгедегі еді, біз жыл сайын медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан өтіп отырдық. Оның жүрегі сау болатын. Оны қалай емдеді? Расыменде оның пневмониясы болды ма? Оған толық диагностика жасап, аяғының не себепті ісінгенін анықтамады. Ол емдеуші дәрігерлердің сауатсыздығынан көз жұмды. Менің аналық жүрегім қан жылап отыр. Мен олардың жазаланғанын қалаймын", - делінген жазбада.
Бұл айыптауларға қатысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Ведомствоның дерегінше, пациенттен коронавирус инфекциясының ауыр түрі анықталған. Қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, жігітті құтқару мүмкін болмаған.
"Вирус анықталмаған, жедел ағым. Екі жақты полисегментті пневмониямен байланысты COVID-19. Ауруханаға түскен кезіндегі жағдайы ЖРДС (жедел респираторлық дистресс синдромы) және көптеген ағза жеткіліксіздігі салдарынан ауыр болды. Тыныс алу жетіспеушілігінің ауыр белгілерінен көңіл-күйі болмады. Науқас провизорлық бөлімшенің палатасында жатты, онда толық көлемде қарқынды терапия жүргізіліп, күнделікті облыстық мамандардан онлайн кеңес беріліп отырды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомство пациенттің жағдайының нашарлауы және оның жүрек қызметінің тоқтауы көптеген ағза жеткіліксіздігінен болғанын хабарлады.