Банк арқылы “айналған“ 7 трлн теңге: Тоқаевтың баспасөз хатшысы мән-жайды түсіндірді

0
137

Қаңтарда ҚМА-дағы кеңесте Тоқаев 2025 жылы көршілес елден Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 триллион теңгеден аса қаражат "айналғанын" мәлімдеген.


Банк арқылы “айналған“ 7 трлн теңге: Тоқаевтың баспасөз хатшысы мән-жайды түсіндірді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстандағы банктердің бірі арқылы 7 триллион теңге көлеміндегі қаражат "айналғаны" туралы бұрын айтылған ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген ақпаратты жарияламайды.

"Егер ол 7 триллион теңгеге транзакциялар жасалғанын айтса, демек солай болған. Екінші мәселе - бұл ақпарат кеңінен талқылау үшін емес, Қаржы мониторингі агенттігінің ғимаратындағы кеңеске қатысушыларға жолданған, яғни қатаң түрде қызметтік сипатта болды. Транзакциялар жүргізілген банк кім туралы айтылғанын біледі", - деді Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы.

Смадияровтың айтуынша, Президент саяси және дипломатиялық себептерге байланысты қаражат қай елден шыққаны, қай елге жіберілгені және санкциялар жағдайында осы аударымдарды өткізген қай банк екені туралы мәліметтерді әдейі жарияламаған.

Еске салайық, қаңтарда ҚМА-дағы кеңесте Тоқаев 2025 жылы көршілес елден Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 триллион теңгеден аса қаражат "айналғанын" мәлімдеген. Бұған байланысты Мемлекет басшысы тиісті органдарға тапсырма берген.