Баланы 1-сыныпқа дайындауға кететін шығын азаяды

0
76

Министрлік 1-сынып оқушыларын дәптермен қамтамасыз етпек.


Баланы 1-сыныпқа дайындауға кететін шығын азаяды

фото: Акимат Жамбылской области

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1-сынып оқушыларын дәптермен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Алдағы уақытта мектепте оқу бағдарламаларының ғана емес, оқулықтардың да мазмұны қайта қаралады.
"Сонымен бірге, жыл сайын 1-сынып оқушыларын негізгі пәндердің жұмыс дәптерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұндай тәсіл сапаға бағытталған, заманауи әрі тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыруға зор мүмкіндік", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал 5–9 сыныптар деңгейінде іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқытуға басымдық беріледі.
"Сонымен бірге, 8–9 сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәнін аптасына 2 сағат көлемінде қайта енгізу қарастырылуда. Оқу бағдарламалары іргелі білімді кезең-кезеңімен нығайтуға арналады", - деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, жоғары сыныптарда барлық негізгі пәндерді міндетті түрде оқыту заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.