10 жастағы Мирас Мамайев қазір Оңтүстік-Шығыстағы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр.
Фото: Вечерняя Караганда
ERNUR.KZ. Қарағандыда 4-сыныптың үш оқушысы өз сыныптасын жабылып, қатыгездікпен соққыға жыққан. Бала кейін ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.
10 жастағы Мирас Мамайев қазір Оңтүстік-Шығыстағы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оны төбелестен кейін анасы поликлиникаға апарған. Сол жерден дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер Мирасқа ми шайқалды деген күдікпен және ішкі ағзаларынан жарақат бар ма деп бақылауға алған.
Анасы Жібектің айтуынша, Мирасты сабақ біткеннен кейін бірден №24 мектептің өз сыныптастары соққыға жыққан. Олар оны мектептің қақпасының сыртында тосып тұрған.
"Балама олардың жеке-жеке шамасы келмейтін. Өйткені ол каратэге қатысады, жарыстарда жүлде алып жүреді. Сондықтан екеуі қол-аяғын ұстап, үшіншісі үстіне мініп алып ұрған", – деді ол.
Мирас үйге жылап келген. Анасы оның өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқап, бірден дәрігерге апарған. Поликлиникадан оны дереу жедел түрде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер баланың төбелестен кейін түскенін тіркеп, іске ювеналдық полиция араласа бастаған.
Жібектің сөзінше, үш баланың біреуінің ата-анасы ғана кешірім сұраған. Қалғандары жағдайды білгісі де келмеген, тіпті бір ауыз сөз айтпаған.
Төбелес үзіліс кезінде болған қарапайым балалар арасындағы реніштен басталған. Бірі біреуді ренжітті, бірі кешірім сұраған. Ал біреуі кешірім сұрамаған. Соның соңы осындай ауыр жағдайға әкелген.
Жібек арызын қайтып алмайтынын айтты. Ол баласын сабағандарға лайықты жаза берілгенін талап етпек.


