Бақытжан Сағынтаев: Алматыға блок-бекеттер қойылмайды

0
2 046

Шаһар басшысы қазіргі карантиндік шектеулер қаладағы эпидахуалды жақсартатынын айтты.


Бақытжан Сағынтаев: Алматыға блок-бекеттер қойылмайды

ERNUR.KZ. Алматыға әзірге блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға үндеуінде айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Шаһар басшысының сөзінше, қазіргі карантиндік шектеулер қаладағы эпидахуалды жақсартуға сеп болмақ. Науқастарды алып келген аурухана маңындағы жедел жәрдем көліктеріне қарасақ Алматыдағы жағдай мәз емес секілді.