Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қаруды қолдану кезіндегі абайсыздық салдарынан болуы мүмкін.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде сарбаз көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл оқиғаны қорғаныс министрлігінде растады.
Қайғылы жағдай 12 наурызында Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде даладағы жоспарлы жаттығу кезінде болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қаруды қолдану кезіндегі абайсыздық салдарынан болуы мүмкін. Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін вице-министр басқаратын арнайы комиссия оқиға орнына аттанды.
Қазақстан Қарулы күштерінің қолбасшылығы қайтыс болған сарбаздың отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.


