Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

0
115

Бала аман қалды.


Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Атырауда 11 жастағы бала велосипедпен лифтіге кірмек болып, лифт шахтасына құлап кетті, деп жазады stan.kz.

Лифт есіктері автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен кабина арасына қысылып қалған. Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедтен айырылмай, жерден көтеріле түскен. Бір сәтте қолын жіберіп алып, шахтаға құлап кеткен.

Абырой болғанда, бала аман қалды. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақаттар анықталған жоқ. Аталған оқиға бойынша тексеріс тағайындалды.