Атырау облысында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды

0
77

Марқұмдардың қазасының нақты себебін сараптама анықтайды, полиция тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.


Атырау облысында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды

фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Үй иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күні оған қонаққа бір адам келген. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін, бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.