Астанаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді

0
142

Қыркүйекте пойыздарды сынақтан өткізу басталды.


Астанаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлік желісінің тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілгенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Құрамдар 17 және 18 қазанда эстакадаға, атап айтқанда:
17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы "Астана жұлдызы" стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;
18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта орнатылады.
"18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі", - деп жазылған хабарламада.
Алғашқы екі LRT пойызы маусым айында рельске қойылды. Пойыз ұзындығы 60 метрге жуықтайды, 600-ден астам жолаушы сыяды.
Қыркүйекте пойыздарды сынақтан өткізу басталды, Астана билігі 2026 жылдың басында LRT-ны толық іске қосуға уәде беріп отыр.