Елордалық құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді.
Фото: ҚР ТЖМ
ERNUR.KZ. Астана қаласының Байқоныр ауданындағы К.Циолковский тұйығында бір қабатты тұрғын үй отқа оранды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өртті сөндіру барысында газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Пәтерлердің біріндегі өрт 80 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қабылданған шаралар арқылы жалпы ауданы 300 шаршы метр ғимараттың барлық алаңына өрттің таралуына жол берілмеді.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.


