Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0
99

Парламент қос палатасының бұған дейінгі бірлескен отырысы жұма, 15 мамырда өткен болатын.


Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz

ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол сәрсенбі, 20 мамырда өтеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

Парламент қос палатасының бұған дейінгі бірлескен отырысы жұма, 15 мамырда өткен болатын. Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірнеше конституциялық заң жобасын қарады.