​Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды

0
79

Көлік саласындағы жұмыс өтілі кемінде 6 ай болуы тиіс, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білу құпталады.


​Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды
Фото: CTS
ERNUR.KZ. Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуға дайындық аясында CTS платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына қызметкерлерді қабылдау жариялады, деп жазады inform.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, платформа бойынша кезекші лауазымына жоғары білімі бар (мамандыққа қойылатын талаптар жоқ) немесе орта арнаулы білімі бар кандидаттар қарастырылады. Көлік саласындағы жұмыс өтілі кемінде 6 ай болуы тиіс, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білу құпталады.

Міндеттері:
* жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жолаушыларға арналған жабдықтардың жұмысын бақылау;
* жолаушылар ағынын реттеу және платформада қоғамдық тәртіпті сақтау.
Кандидаттарға ұсынылады:
* жұмыс беруші есебінен Астана қаласында 1 ай мерзімге оқыту;
* Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
* оқыту кезеңінде – бес күндік жұмыс аптасы;
* жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық жұмыс кестесі.
LRT кассирі лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
* жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерия, қаржы, экономика, гуманитарлық бағыттар);
* мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
* «1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу дағдылары;
* есептілік жасау дағдылары;
* мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.
Кассирдің міндеттеріне LRT пайдалану қағидаларын, тарифтерді, жеңілдіктер мен жол жүру шарттарын түсіндіру; белгіленген тарифтерге сәйкес автобустарда жол жүруге арналған көлік карталарын сату және толықтыру; кассалық есептілікті жүргізу кіреді.