Астанада қазақстандық өзенге шомылып, әлеуметтік желіні таңғалдырды

0
118

Астана тұрғыны Есіл өзеніне шомылып, видео жариялаған.


Астанада қазақстандық өзенге шомылып, әлеуметтік желіні таңғалдырды

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны Есіл өзеніне шомылды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Судың сапасы мен өзенде шомылудың қауіпсіздігін нақтылау үшін Астананың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгіндік, деп жазады tengrinews.kz.

Астана тұрғыны Есіл өзеніне шомылып, видео жариялаған. Ол күздің аяғы және қыста да шомылуды жалғастыратынын айтты.

"Суға шомыламыз ба? 0 градус. 9 қазан", – деп жазды видео авторы Threads әлеуметтік желісінде.

Оқырман реакциясы

Видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Олар жігіттің батылдығын талқылап, мұндай суық суда шомылудың қауіпсіздігі туралы сұраған.

"Мен ондай жерде шомылмас едім."
"Тоңып кеттім ғой."
"Мен де сіз сияқты болғым келеді! Неден бастауға кеңес бересіз?"
"Сіз мықтысыз! Осындай суықта шомылу…"

Қазақстандық не дейді?

Бейнежазбадағы жігіттің есімі – Нұрлан. Оның айтуынша, күн сайын таңертең осылай шомылады. Жігіт "морждар клубының" мүшесі.

"Мен әдетте таңғы сағат 8 шамасында шомыламын. Басқа жер жоқ, тек сол жерде. Бұл – Астананың қалалық жағажайы. Онда "морждарға" арналған арнайы уақыт бар – таңғы 6:00-ден 10:00-ге дейін", – деді ол.

Нұрланның айтуынша, пікірлерде оны "лас суда шомылады" деп жиі сынайды, бірақ ол бұған келіспейді. Жігіт бұл суға 6-7 жасынан шомылатынын және су таза екеннін айтты.

Астанадағы өзен суының сапасы

Астананың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамырдан қыркүйекке дейін халық демалатын және шомылатын орындардағы су мен жағалаудағы топырақтың (құмның) сапасына зертханалық бақылау жүргізеді. Су мен топырақтан сынамалар алынады.

"Нәтижесінде алынған сынамаларда санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар, департамент өзенде шомылуға бола ма деген сұраққа жауап берді.

"Санитарлық-химиялық көрсеткіштердің артуы кезінде тұрғындарға су айдындарында шомылғанда өткір улану қаупі жоқ. Алайда жағажай келушілеріне шомылғаннан кейін жеке гигиена ережелерін сақтау, мүмкіндігінше тезірек душ қабылдау ұсынылады. Сондай-ақ су айдындарындағы суды ішуге болмайды", – деп нақтылады департамент.