Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кеткен

0
262

Полиция концерт қауіпсіздігін күшейтілген режимде қамтамасыз етті.


Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кеткен

Фото: instagram.com/onthejlo

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше баланың жоғалып кеткені туралы хабарламалар келіп түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдары оқиға орнында жедел әрекет етіп, балалар мен заттарды дер кезінде тапты.

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне мыңдаған адам жиналған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция, Ұлттық ұлан сарбаздары, жеке күзет агенттіктері мен 500-ден астам ерікті жұмылдырылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ жекеменшік күзет агенттіктері мен волонтерлер тартылды», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Концерттің өтетін орны – «Астана Арена» стадионына көрермендер 100 арнайы автобуспен жеткізілді. Бұл шара қала көшелеріндегі көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайтып, кептеліссіз қозғалыс ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Қауіпсіздік шаралары аясында:

  • Турникеттер мен металл детекторлар орнатылды
  • Бейнебақылау камералары жұмыс істеді
  • Рентген құрылғылары қолданылды
  • Кіреберісте жолаушылар жылдам әрі тиімді тексерілді.

Концерт барысында бірнеше баланың жоғалып кеткені және заттардың жоғалуы туралы өтініштер келіп түсті. Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, барлық жағдайлар оң шешімін тапты.

«Жоғалған балалар мен заттар тез арада табылып, иелеріне қайтарылды», – дейді полиция өкілдері.