26–27 қыркүйек күндері №16 мектептің спорт залында Шекара қызметі бөлімшелері мен ардагерлері арасында дәстүрлі волейбол турнирі өтті. Жарыс Отан шекарасын қорғауда жанын пида еткен қаһарман Раджан Батркановтың рухына арналды. Ерлігі үшін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Айбын» II дәрежелі орденімен, сондай-ақ Тәжікстан Президентінің Жарлығымен «Спитамен» I дәрежелі орденімен марапатталды.
Жеңімпаздар:
1 - орын: Астана шекаралық бақылау басқармасы
2 - орын: Қорғау және қамтамасыз ету басқармасы
3 - орын: Арнайы мақсаттағы басқарма
Раджан Батркановтың ерлігі ұмытылмайды, ол елге адалдық пен ерлікке шабыттандырады.


