Астанада алты баланың әкесі клуб маңындағы әдепсіз қылығы үшін жазаланды

0
90

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Астанада алты баланың әкесі клуб маңындағы әдепсіз қылығы үшін жазаланды

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2025 жылғы 9 тамызда қаладағы клубтардың бірінің жанында әйелге қатысты әдепсіз әрекет жасаған азамат К.-нің ісін қарады. Бұл туралы сот 2025 жылғы 13 тамызда Telegram-арнасында мәлімдеді.

Оның әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша сараланды. Сотта ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді және жазаны жеңілдетуді сұрады, алты баласы бар екенін алға тартты. Жәбірленуші оқиға мән-жайын растады.

Барлық жағдайды ескере отырып, сот жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында 5 тәулік әкімшілік қамау тағайындау қажет деген шешімге келді. ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігінде көрсетілген, бұл жазаны қолдануға кедергі болатын мән-жайлар анықталған жоқ.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.