“Аңғармай қалыпты“: ІІМ генералы мектепте балта ұстап жүрген оқушы туралы

0
203

Журналистер мектептерде турникет пен дабыл батырмалары болғанымен, оқушылардың қауіпсіздігін неге толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғанын сұрады.


“Аңғармай қалыпты“: ІІМ генералы мектепте балта ұстап жүрген оқушы туралы

Видео кадры

ERNUR.KZ. Сенатор Марат Қожаев Құлсарыдағы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір білдірді. Онда балта ұстаған жасөспірім екі оқушыға шабуыл жасаған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Журналистер мектептерде турникет пен дабыл батырмалары болғанымен, оқушылардың қауіпсіздігін неге толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отырғанын сұрады. Бұған Қожаев мектеп жабық мекеме емес екенін айтып, онда жаппай қатаң бақылау енгізуді орынсыз деп санайтынын жеткізді.

"Балалар бірнәрсе алып кіруі мүмкін. Олар жаппай тінтілмейді, меніңше, балаларымызды кішкентайынан күштік құрылымдарға тән тәсілдермен тінтіп, тексеріп, қалталарын ақтарып үйретсек, бұл дұрыс болмайды. Мұндайға жол беруге болмайды. Мұның бәрі тәрбиеден басталады", - деді ол.

Құлсарыдағы жақында болған оқиғаға қатысты пікір білдірген сенатор балтаны ешкімге байқатпай мектепке алып кіру қиын екенін атап өтті.

"Балтаны мектепке байқатпай алып кіру қиын. Жай ғана бұл жағдайды аңғармай қалыпты. Мұнда кемшіліктер бар", - деді ол.

Қожаев мектептерде мамандандырылған күзет ұйымдарының жоғын да мәселе ретінде атады. Сенатордың айтуынша, үнемдеу мақсатында мектептерді көбіне зейнеткерлер күзетеді.

Еске салайық, әлеуметтік желіде оқушы мектепте балта ұстап жүгіріп жүргені көрінетін видео тарады.

Өңірдің Полиция департаменті өкілі мән-жайды айтты. 5 ақпанда 102 арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.

Бұл дерекке қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды.