Алмаз Джумакеев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

0
85

Алмаз Дженишевич Джумакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.


Алмаз Джумакеев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Алмаз Джумакеев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Алмаз Дженишевич Джумакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

1992 жылы Лениндік Комсомол атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін тәмамдаған.

Мемлекеттік наградалары:

  • 2-дәрежелі Айбын;
  • 2-дәрежелі Данқ.

Мансап:

- 1992 ж, маусымнан бастап 1992 ж. қарашаға дейін Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны парашюттік-десанттық ротасы парашюттік-десанттық взводының командирі;

- 1992 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Тәжікстандағы РФ шекара әскерлері Пянжан шекара жасағының жауапкершілік аймағында ТМД Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты;

- 1992 ж. қараша мен 1993 ж. қараша аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі парашюттік-десанттық батальоны барлау взводының командирі – барлау бастығы;

- 1993 ж. қараша мен 1994 ж. қазан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) штабтық ротасының командирі;

- 1994 ж. қазан мен 1996 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальоны (автомобильдерде) командирінің орынбасары;

- 1996 ж. маусым мен 1998 ж. ақпан аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (автомобильдерде);

- 1998 ж. ақпан мен 1998 ж. мамыр аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының командирі (БТР-80-де);

- 1998 ж. мамыр мен 1999 ж. маусым аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі "БАРС" жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);

- 1999 ж. маусым мен 2001 ж. тамыз аралығында Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі "БАРС" жекелеген десанттық-шабуылдау батальонының (ұйымдық-штаттық іс-шаралар жөніндегі) командирі (автомобильдерде);

- 2001 ж. тамыз бен 2003 ж. қазан аралығында штаб бастығы – Қапшағай қ. 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары;

- 2003 ж. қазан мен 2009 ж. желтоқсан аралығында Талдықорған қ. 18404 әскери бөлімінің командирі;

- 2009 ж. желтоқсан мен 2010 ж. сәуір аралығында Астана қ. ҚР ҚМ ШБК жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметі департаментінің бастығы;

- 2010 ж. сәуір мен 2010 ж. қыркүйек аралығында Қарағанды қ. "Астана" ӨңҚ штабының бастығы – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары;

- 2010 ж. қыркүйек пен 2011 ж. мамыр аралығында бас қолбасшының (ТжӘҚЖ) жөніндегі орынбасары – Астана қ. ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы басқармасының ТжӘҚЖ бас басқармасының бастығы;

- 2011 ж. мамыр мен 2015 ж. қазан аралығында Астана қ. 68665 әскери бөлімінің командирі;

- 2015 ж. қазан мен 2018 ж. сәуір аралығында Алматы қ. ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы;

- 2018 ж. сәуір мен 2018 ж. желтоқсан аралығында ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы;

- 2018 ж. желтоқсан мен 2019 ж. тамыз аралығында ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы;

- 2019 ж. тамыз бен 2021 ж. маусым аралығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (БШ) тыңдаушысы;

- 2021 ж. маусым мен 2021 ж. тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрінің өкімінде болды;

- 2021 ж. тамыз бен 2022 ж. наурыз аралығында бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы.

- 2022 ж. наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы.