Алматылық дәрігерлер әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шықты

0
118

Рентгенологиялық тексеру жедел ішек түйілуінің айқын белгілерін көрсеткен.


Алматылық дәрігерлер әйелдің асқазанынан бір бума шаш алып шықты

Фото: canva

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 25 жастағы науқастың асқазанынан шаштан құралған тығыз түйінді (трихобезоар) алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел жедел жәрдем бөліміне қатты іш ауыруы, жүрек айну, қайта-қайта құсу, әлсіздік және ауыздың құрғауы туралы шағымдармен жеткізілген. Қосымша тексеру барысында дәрігерлер асқазанда 5 жыл бойы жиналған шаш түйіні бар екенін анықтаған.

"Науқасқа шұғыл ота жасау қажет болды. Хирургтар лапаротомия жасап, асқазаннан көлемді түйінді алып тастады. Алынған түзіліс бір-бірімен шырмалған шаштан құралған тығыз түйін болып шықты. Науқастың айтуынша, ол бала кезінен шашының ұштарын аузына салуды әдетке айналдырған, бұл әдет әйелдің өзіне зиянсыз көрінген. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды", – делінген аурухана хабарламасында.