Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Алматыда жарылыс жасау туралы пікір қалдырған ер адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102-ге хабарлама түскен.
Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен.
"Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.


