Алматыда жаппай жол апатынан 23 адам жарақат алды

0
141

Бұрындай тас жолымен шығыс қарай бет алған МАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.


Алматыда жаппай жол апатынан 23 адам жарақат алды

фото:Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Алматыда жаппай жол апатынан 23 адам жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.
"Бұрындай тас жолымен шығыс қарай бет алған МАЗ автокраны қатарлас келе жатқан Mercedes және Kia көліктерімен соқтығысып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан кейін Yutong автобусымен және Subaru жеңіл көлігімен соқтығысты", - дейді полиция қызметкерлері.
Салдарынан 23 адам дене жарақатын алды. Олар медициналық көмекке жүгінді.
"Қазір бұл дерек бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.