Жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 1 тамызы кешкі уақытта Түрксіб ауданында болды.
Фото: instagram/kris.p.live
ERNUR.KZ. Көлікті 20 жастағы қыз тізгіндеген. Ол ауруханаға жеткізілді, деп жазады Skifnews.kz.
“Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен ағашқа, кейін көше шамының бағанасына соғылған”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттың мән-жайын анықтауға Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.