Алматыда түн жарымында автобуспен жол апаты болды

0
110

Қатты соққыға қарамастан, автобус жүргізушісі дін аман.


Алматыда түн жарымында автобуспен жол апаты болды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 3 шілдеге қараған түні Алматыда жол апаты болды. Түн жарымында Саин даңғылында, Үлкен Алматы арнасы бойындағы көшеден төменірек жерде, қалалық бағыттағы автобус солтүстік бағытта автопаркке қарай келе жатқан, деп жазады zakon.kz.

Соқтығыс сәтінде автобус бұрылып жатқан. Сол сәтте Toyota Corolla маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен келіп, қоғамдық көліктің артқы бөлігіне соғылған.

Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Қалалық автобус жүргізушісінің айтуынша, Toyota көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері нөмірлерді көліктің ішінен тапты.

Бұл ретте, қатты соққыға қарамастан, автобус жүргізушісі дін аман.