Алматыда түн ішінде ауладағы көліктерді тепкен ер адамдар ұсталды – видео

0
459

​Оқиға түнде Ақсай-3 шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болды. Полиция бұзақыларды тапты.


Алматыда түн ішінде ауладағы көліктерді тепкен ер адамдар ұсталды – видео

ERNUR.KZ. Алматы соты үйдің ауласында тұрған бөтен автокөліктерді тепкен екі ер адамды жауапқа тартты. Видео желіде тарады, деп жазады sputnik.kz.


Оқиға 27 қарашаға қараған түні болды. Видео авторының айтуынша, мас бұзақылар ауладағы автокөліктерді теуіп, түн ортасында былапыт сөздермен айғайлаған.

"Мен олардың бұл қылығын көргеннен кейін, ескерту жасап, түрлерін түсіре бастадым. Камераны қосып, екінші көлікті қалай теуіп жатқанын түсіріп үлгердім. Неге теуіп жатсыңдар деген сұраққа не деп жауап бергенін видеодан көре аласыздар. Содан кейін әлгі азамат үлкен тасты алып, менің соңыма түсті", - деп атап өтті автор.

"Жас жігіттер Ақсай-3 шағын ауданында орналасқан көппәтерлі үйдің ауласында заңға қайшы әрекет жасады. Оларды қала тұрғыны видеоға түсіріп алды", - деп мәлімдеді қалалық полиция.

Кешірім сұраған видео:

Видеодағы адамдар анықталды. Олар: Түркістан облысының 26 жастағы тумасы, Жамбыл облысының 27 жастағы тумасы.

Жексенбі, 28 қарашада Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқықбұзушыларды жауапқа тартты. Жастар әкімшілік қамауға алынды.

Бұған қоса, ер адамдар камера алдында кешірім сұрады.