Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

0
439

Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.


Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы ПД қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған байланыс орталығының нөмірін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Азаматтарға тергеу изоляторларында отырған адамдар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін call-орталыққа жүгінуге болады. Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.

"Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылданып жатқанына сендіргім келеді. Бәрі сот санкциясы бойынша ұсталғанын айтқым келеді. Сондықтан "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заң шеңберінде жүгіне алады", - дейдіАлматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.